Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • Су-тіршілік негізі. Эссе 100-120 слов

    • 09 March 2021
    • Ответ оставил: 87754104626

    Ответ:

    СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ.

    Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.

    Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.

    Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.

    Біреулер қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады . Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.

    Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың — шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады.

    Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.

    Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.

    Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (19.12.2024) наш сайт содержит 16352 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

Составить два вопроса по стихотворению Абая Кунанбаева Қыс «Шіркін-ай», «бәрекелді», «мәссаған» Осы одағайлармен сөйлем құрап жаз. А. Алтай прописка шығармасынан маңызды деп тапқан эпизод қа талдау керек Жіктік жалғауы: ғарышкер. Мен Біз Сен СендерСіз СіздерОл ... Помогите пожалуйста!!! 1. Сіз тұратын жерде қандай мейрамхананы ұсынасыз? 2. Неліктен бұл жақсы жер? 3. Сыртта тамақтану туралы пікіріңіз қандай? 4. Сіз қандай тағамды көбірек ұнатасыз: үйде нем... 1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұраққұрастырыңыз.Арақтар2.КЕСТЕНІ ТОЛТЫРЖауаптарТілдік бағдарМекен үстеуіMeri ycreyiMeimep yereviСын-қимыл үстеуіМақсат үстеуіСебеп-салдар үстеуіКүшейткіш үстеуіСрақтарҚ... Айдағы жасырынбақ әңгімесінің тарихи және рухани құндылығы эссе Анасын сағынған бала Есмағамбет мен Сержаның əрекеті қызық сөзінің синонимі қандай? ​ Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтінге ат қойып, оқиғаны жазбаша дамытыңыз. 1)Қазақстанның болашағы – бүгінгі жас ұрпақ, бізбіз. Біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Бұл тәуелсіздік бізге оңай келг... !!!ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА, ДАЮ 30 БАЛЛОВ!!! Поставьте слова в правильном порядке 1. Абай, төрт, шеберлікпен, өлең, жылдың, де, мезгіліне, жазды. 2. Абай, көңіл, ерекше, тақырыбына, ... Сор по казахскому.Можете написать эссе на казахском языке на тему как заново возродить Национальное живое искусство
*{ message }*