Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • Тәуке ханның
    тұлғалық қасиеттері

    • 18 February 2021
    • Ответ оставил: ilasabylhair23

    Ответ:Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.

    Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.

    Объяснение:

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: история.
    На сегодняшний день (02.03.2025) наш сайт содержит 16354 вопросов, по теме: история. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

Установите соответствие между событиями процессами и их участниками к каждой позиции первого столбца подберите соответствующую позиции из второго столбца Часть государства княжества выделенная во владение родственнику великого князя 1. Что думали о Земле средневековые христиане? 2. Какую идею высказал Николай Коперник? 3. Почему Галилео Галилей отказался от своих убеждений? Прочитай отрывок из сочинения историка. Запиши имя, которое пропущено в тексте. « ______________ можно назвать первым христианским императором, при котором произошёл перелом в жизни христиан. Языче... Проанализируйте особенности развития образования и просвещения во второй половине ХIХ века. Перечислите не менее трех отрицательных аспектов развития образования и просвещения во второй половине ХI... Есе про свого улюбленого письменника або художника 19 століття Росташуйте події в хронологічній послідовності: А - правління Юрія 2 Болеслава Б - створення православної Галицької митрополії В - Ярославська битва на р. СЯн Борьба Александра Невского с агрессии запада.КРАТКО ПОЖАЛУЙСТА!! Расскажите о судьбе Стилихона. История 5 класс. &52 сделать конспект по плану: 1.Источники рабства. 2.Положение рабов. 3.Занятия рабов. 4.Восстание Спартака пж Установите соответствие между исторической личностью и его деятельностью: 1 балл Царь Спарты, погиб под Фермопилами Учитель Александра Македонского, философ Создатель афинского флота Царь Персии Ар... Какая из следующих построек строилась почти 100 лет? 1) Нотр-Дам де Пари 2) Саграда Фамилия
*{ message }*